Алматы. 17 мамыр. 7kun.kz - Алматы облысы бойынша коммуналдық меншіктегі 53 кәсіпорын 2016-2020 жылғы жекешелендіру жоспарына еніп отыр. Оның ішінде биыл 10 кәсіпорынды сауда-саттыққа шығару көзделген. Ал қалған кәсіпорындар 2017-2020 жылдары шығарылады. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық қаржы басқармасы басшысының орынбасары Данияр Әлімбаев мәлімдеді.
Оның сөзінше, нысандарды сауда-саттыққа қою бойынша заңда шектеулер көзделген, мемлекеттік кәсіпорындар, мемлекеттік үлесі 100% құрайтын АҚ (ЖШС) үш реттен кем емес сауда-саттыққа қойылады. Сатылмаған жағдайда таратылуға жатады. Нысанды екінші және үшінші рет сауда-саттыққа қою кезінде бастапқы бағаны 50%-ға төмендету әдісі қолданылады.
Сауда-саттыққа жеке және мемлекеттік емес заңды тұлғалар қатыса алады. Тендер өткізу барысында комиссия сатып алу құнын жоғары ұсынған және тендер талаптарына келісетін жеңімпазды анықтайды.
Сондай-ақ, брифингте қаржы басқармасының өкілдері облыстағы мүлікті жария ету бағытындағы жұмыстарға да тоқталып өтті.
Облыс аумағындағы аудан-қалалық әкімдіктердің мәліметі бойынша, 2016 жылдың 16 мамырына мүлікті жария ету бойынша аудандық, қалалық комиссиялардың қарауына 29 215 өтініш келіп түскен (жалпы сомасы 200,0 млрд. тенгеден астам). Оның 2087-сі қайтарылған. Ал 26 533 өтініш бойынша оң шешім қабылданған.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024