Алматы. 22 қараша. 7kun.kz – Алматы облысында 2018 жылы 706 мың шаршы метр тұрғын үй салу жоспарланса, өткен 10 айда оның 649,8 мың шаршы метрі пайдалануға берілді, - деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Ал, облыс орталығы Талдықорған қаласын бөліп айтар болсақ, мұнда салынатын тұрғын үйді биылғы жылы 91 мың шаршы метрге жеткізу көзделген.
Облыстық құрылыс басқармасының мәліметінше, әлеуметтік әлжуаз топтар санатындағы тұрғындарды баспанамен қамту мақсатында Талдықорған қаласында жалға берілетін және коммуналдық үйлерден 124 пәтер бөлу жоспарланса, оның 60 пәтеріне бүгінгі күні жаңа иелері қоныстанып отыр.
Ал, 2019 жылы қаржыландырудың барлық көздері есебінен 763,1 мың шаршы метр тұрғын үй тұрғызу жоспарлануда. Бұл ретте Талдықорған қаласына 120 мың шаршы метрі тиесілі болмақ. Облыс орталығы тұрғындарының баспанаға деген қажеттілігін қамтамасыз ету мақсатында 2019 жылы кезекте тұрғандар үшін 570 пәтер берілмек.
Сонымен қатар, Президенттің «7-20-25» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша коммерциялық тұрғын үйлерден 300 пәтер пайдалануға беріледі. Мемлекеттік тұрғын үй бағдарламаларын жүзеге асырудағы игі қадамдар Алматы облысының халқын қолжетімді баспанамен қамтуға үлкен ықпалын тигізетін болады.
Тэги:
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024