Алматы. 05 тамыз. 7kun.kz — Қаражат Райымбек ауданындағы Кетмен бұлағының учаскесін барлауға бағытталады. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі хабарлады.
"Жер қойнауын пайдаланушының ұсынған есептеріне сәйкес 2019 жылы барлауға 80,47 млн теңге қарастырылған. Геологиялық барлау жұмыстарына жұмсалған инвестицияның жалпы көлемі 454,44 млн теңгені құрайды", - деп хабарлады министрлік.
Келісімшарттың мерзімі 2021 жылдың қазан айына дейін. Министрлік алтын қоры геологиялық барлау жұмыстарынан кейін анықталатынын мәлімдеді.
Бұған дейін хабарланғандай, биылғы жылы Қазақстанда алтын іздеу үшін шетелдік компаниялар шамамен 2 млрд теңге инвестиция салуды жоспарлап отыр. Мәселен, қазіргі уақытта инвесторлар іздестіру жұмыстарына 832 млн теңге бөлді. Атап айтқанда, түрік компаниясы Шығыс Қазақстан облысындағы Суровский учаскесінде геологиялық барлауға шамамен 90 млн теңге салды. Жамбыл облысындағы Дюкарев алаңында құрамында алтыны бар кендерді және ілеспе компоненттерді барлау 355 млн теңгеге бағаланды.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024