Алматы. 18 қаңтар. 7kun.kz – Алматы облысының полицейлері кісі бопсалаушылар тобын ұстады, деп хабарлайды 7kun.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
9 қыркүйекте Алматы облысы ПД ҰҚҚКБ-ға белгісіз тұлғаларға қатысты жедел ақпарат келіп түскен. Полиция хабарлауынша, олар зорлық-зомбылық қолдану арқылы Талғар қаласының кәсіпкерінен ақша мен қымбат көлікті талап еткен.
«Қылмыстық іс кәсіпкердің арызы негізінде Талғар ауданының ПБ-да ҚР ҚК-ның 194-бабы 2-бөлігінің 2-тармағы бойынша тіркелді. Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында ақшалай қаражат алу кезінде Алматы қаласы мен Алматы облысының тұрғындары – 20-23 жас аралығындағы бес азамат ұсталды», – делінген хабарламада.
Кінәлі тұлғалар ұсталып, Талғар ауданы ПБ УҰО-ға қамауға алынды.
Қазіргі уақытта күдіктілердің басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.