Алматы облысында бұзақылардың еш себепсіз ер адамдарға шабуылы видеоға түсіп қалды
Алматы облысы. 14 маусым. 7kun.kz – Оқиға тұрғын үй кешендерінің бірінде болған, деп хабарлайды 7kun.kz.
Әлеуметтік желілерде тараған кадрларда бір топ ер адамның бір үйдің ауласына кіргенін көруге болады. Біреуі алдымен орындықта отырған адамға тиіседі, сосын екіншісінің соңынан қуалайды. Шабуылдаушының қолынан пышақ тәрізді затты байқауға болады. Ары қарай кіреберістегі бейнебақылау камерасына екі адамға шабуыл жасаған топтың әрекеттері түскен. Жәбірленушілердің біреуі таяқ жеген соң орнынан тұра алмаған.
«Тұрғындарға себепсіз тиісіп, ұрып-соғып, пышақпен шабуылдауда», – делінген бейнежазбаның сипаттамасында.
Алматы облысы ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл оқиға 12-13 маусымға қараған түні Талғар ауданы, Бесағаш ауылындағы «Аспан сити» ТК-де болған.
Қазір аталған жайтқа байланысты «Бұзақылық» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Зардап шеккендер – бес жергілікті тұрғын, екеуі ауруханаға жатқызылды. Шабуыл жасағандар анықталып жатыр.
Похожие материалы
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024