Алматы. 25 ақпан. 7kun.kz – Алматы облысының 200-ден астам фермері «ІІІ ауылшаруашылық жәрмеңкесіне» қатысты.
"Ауылдық аймақтарды дамыту" бағдарламасы аясында ұйымдастырылған іс-шарада фермерлер тыңайтқыштарды, өсімдіктерді қорғау құралдарын, отандық және шетелдік өндіріс тұқымдарын және ауыл шаруашылығы материалдарын арзандатылған бағамен алуға мүмкіндік алды.
Жәрмеңкеге Алматы облысының Ауыл шаруашылығы басқармасы, Алматы облысының «Атамекен» ҚР Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасы (ҰКП), Еңбекшіқазақ ауданының және Шелек ауылдық округінің әкімдіктері ресми түрде қолдау көрсетті.
"Өзінің қазан айындағы Қазақстан халқына Жолдауында Елбасы агроөнеркәсіптік кешеннің әлеуетін толығымен іске асыру қажет екендігін атап көрсеткен. Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасына сәйкес, барлық мемлекеттік қолдау шараларын елге заманауи агротехнологияларды ауқымды тартуға бағыттау қажет. Бүгінгі күнде осы технологиялар біздің облысқа да жетіп отыр, егін алқаптары цифрлық нысанға көшірілуде, жәрдем қаражат беру үдерісі автоматтандырылып, ауыл кәсіпкерлері шаруашылықты жүргізудің жаңа дағдыларына оқытылуда. Бүгінгі Жәрмеңке біздің аймақтың ауылшаруашылық өндірушілері арасында тәжірибе және озық практикамен алмасудың тағы бір мүмкіндігі болмақ", - деп атап өтті Алматы облысының ауыл шаруашылығы Басқармасы басшысының орынбасары Коюмчан Омаров.