Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!
Алматы. 21 ақпан. 7kun.kz – Алматы облысында 2015-2017 жылдары «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша 84 жобаға 77,3 млрд теңге бөлініп, оның 73-і іске қосылды. Бұл деректі бүгін тұрғындар алдындағы есеп беру жиынында облыс әкімі А. Баталов айтты.
2017 жылы 29 мектеп, Талдықорған қаласындағы №4 қазандық, Кербұлақ, Талғар, Қарасай, Панфилов аудандарының 6 елді мекені мен Талдықорған, Текелі қалаларындағы сумен қамту жүйелері пайдалануға берілді.
Шағын және орта бизнестің 3 нысанына инженерлік инфрақұрылым жүргізіліп, соның ішінде «Қайрат» индустриалды аймағы сумен қамтылды. 2018 жылы 13 жобаны іске асыруға 2,3 млрд теңге бөлінді.
Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024