Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Алматы облысында құны 75 млрд теңге болатын жылыжай салынады

Алматы облысында құны 75 млрд теңге болатын жылыжай салынады

Алматы. 6 сәуір. 7kun.kz - Алматы облысында Ауыл шаруашылығы кластерін құру бағдарламасы шеңберінде Іле ауданында 60 гектар жерге өндірістік жылыжай кешені салынатын болады. Бұл туралы облыс әкімі Амандық Баталовтың ресейлік ірі агроөнеркәсіптік холдинг «ЭКО-культура» және отандық «Green Land Alatau» ЖШС өкілдерімен кездесуі барысында айтылды, деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Алматы қаласында өткен кездесу барысында Алматы облысы әкімдігі мен «Жетісу» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы» ҰК» АҚ, «ЭКО-культура» агроөнеркәсіптік холдингі, «Green Land Alatau» серіктестігі арасында меморандумға қол қойылды. Жылыжай құрылысы жобасы Мемлекет басшысының импорт алмасуды дамыту және азық-түлік қауіпсіздігі бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде жүргізілуде.

Өндірістік жылыжай - Қазақстандағы жабық топырақта көкөніс өсіруге бағытталған ірі ауыл шаруашылық жобасы. Жобаға салынатын инвестицияның жалпы сомасы - 75 млрд теңге көлемінде. Жобаның жүзеге асырылу уақыты: 2016 – 2022 жылдар. Жобаны бірнеше кезеңмен іске қосу көзделіп отыр. Бірінші кезеңде аумағы 20 га, өндірістік қуаты жылына 15 мың тонна томат өндіретін өндірістік жылыжай салынып, 260 жұмыс орны ашылмақ. Жылыжайдың бірінші кезеңі құрылысының құны 25 млрд теңге. Оны іске қосу уақыты 2017 жылдың 3 тоқсанына жоспарланған.

Жоба Алматы облыстық әкімдігі мен «Жетісу» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ҰК» АҚ-ның қолдауымен жүзеге асуда. Бұл ресейлік «ЭКО-культура» агроөнеркәсіптік холдингі мен қазақстандық «Green Land Alatau» ЖШС-ның бірлескен алғашқы жобасы болып отыр.

Похожие материалы