Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Алматы облысында сомасы 1,6 млрд теңгеден астам нысандар заңдастырылды

Алматы облысында сомасы 1,6 млрд теңгеден астам нысандар заңдастырылды
Алматы облысында сомасы 1,6 млрд теңгеден астам нысандар заңдастырылды. Бұл туралы өңірлік Кәсіпкерлер палатасының бастамасымен «Алматы облысындағы мүлікті заңдастыру барысы» атты тақырыптағы дөңгелек үстел барысында, Мемлекеттік кірістер департаментінің Мемлекеттік қызметтер басқармасы басшысы Нағипа Абдуллина айтты.  Қазіргі таңда республика бойынша 79 мың өтініштер қабылданып, 893 млрд теңге заңдастырылған. Жылжымайтын мүлікті, ақшалай қаражат пен өзге де мүліктің ауқымды түрде заңдастырылуы 2016 жылдың 31 желтоқсанына дейін жалғасады. Мемлекеттік кірістер департаментінің Мемлекеттік қызметтер басқармасы басшысы Нағипа Абдуллинаның айтуынша, облыс бойынша нысандар 1,6 млрд-тан астам теңгеге заңдастырылған. «28 мыңға жуық өтініш келіп түскен. Ол ел бойынша келіп түскен өтініштердің 35%-ы. 160 969 млн теңге немесе Қазақстанда заңдастырылған нысандар құнының 25%-ы заңдастырылды. Заңдастырылған ғимараттардың көбі тұрғын жайлар. Бұл көрсеткіштер өңір тұрғындарының өз мүлкінің заңды дәрежесін орнату процесіндегі белсенділігін көрсетіп отыр», – деді Басқарма басшысы.

Похожие материалы