Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Алматы облысында тас жолды су шайып, ауыл көшесін су басты

Алматы облысында тас жолды су шайып, ауыл көшесін су басты

Алматы-Өскемен тас жолының Алматы облысы аумағындағы 382-410 шақырымын су шайып, салдарынан жол жабылды, деп хабарлайды 7kun.kz.

«Республикалық маңызы бар Алматы-Өскемен тас жолының 393-395 шақырымын қатты жауған жауын суы шайып кетті. Апаттық жағдай болған жерде 4 жүк көлігі тұр. Жүргізушілермен байланыс орнатылған, азық-түлікпен қамтамасыз етіледі. Оқиға орнында тиісті мамандар жұмыс істеп жатыр. Аппаттың салдарын жоюға техникалар мен жұмысшылар жұмылдырылған. Матай-Лепсі арқылы айналма жолмен жүруге болады. Зардап шеккендер жоқ», - дейді хабарлама таратқан Ақсу ауданы әкімінің баспасөз қызметі.

Ал төтенше жағдай қызметі тұрғындарға 112 номерінен «Алматы-Өскемен тас жолының 382-410 шақырымы жабық. Көпір шайылған, жол жабық» деген хабарлама жолдаған.

Бүгін сондай-ақ, Кербұлақ ауданына қарасты Қоғалы ауылының үш көшесін су басқаны белгілі болды.

«22 мамыр күні сағат 17:30-да әлеуметтік желілерге шолу барысында Кербұлақ ауданындағы Қоғалы ауылының көшелерін су басып жатқандығы анықталды. Бірақ, төтенше жағдай қызметіне су басу жөнінде хабарлама түспеген. Анықталғандай, қатты жауын салдарында Панфилов, Жандосов, Тобаяқов көшелерінен және бір үйдің ауласынан су қатты ағынмен өткен. Үйлердің ішін баспады. Сағат 18:00-дегі жағдай бойынша, қатты жауын тоқтады. Судың мөлшері төмендеді. Зардап шеккендер жоқ. Оқиға орнында ТЖД қызметкерлері мән-жайды анықтап жатыр», - делінген ТЖД баспасөз қызметінің хабарламасында.



Похожие материалы