Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Алматы облысында жалған дипломмен 122 мұғалім жұмыс істеген

Алматы облысында жалған дипломмен 122 мұғалім жұмыс істеген

Алматы облысы. 13 шілде. 7kun.kz – Өңірдің төрт ауданында жалған дипломмен жұмыс істеген. Прокурорлар сотқа дейінгі тергеу жүргізуде, деп хабарлайды 7kun.kz altaynews-ке сілтеме жасап.

Жалған мұғалімдердің барлығы бір оқу орнының жалған дипломымен жұмыс істеген.

«Сарқан, Қарасай, Көксу, Ескелді аудандары мен Текелі қаласының жалпы білім беретін мектептерінде 122 мұғалімнің өз қызметін Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің жалған дипломын қолдана отырып жүргізгені анықталды», – деді облыстық прокуратурада.

Жалған мұғалімдер ҚК-нің 385-бабы 3-бөлігі «Көрінеу жалған құжат пайдалану» бойынша жазаға тартылады. Ол бойынша жаза 500 мың теңгеге дейін (160 АЕК) айыппұл, түзеу жұмыстары немесе қырық тәулікке дейінгі мерзімге қамау қарастырылған.

Похожие материалы