Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Алматы облысында жаңа зауыт ашылады

Алматы облысында жаңа зауыт ашылады

Алматы облысында вольфрам кенін өңдейтін зауыт салынады, деп хабарлайды 7kun.kz.

Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің хабарлауынша, бүгінгі таңда жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп, зауыт құрылысына дайындық жұмыстары жүргізілуде. Ақпаратқа сәйкес, жобаны 2024 жылға қарай іске асыру жоспарланған. Инвестиция көлемі 94,5 млрд теңгені құрайды.

Салынатын зауытта жылына 3,3 миллион тонна кен өндіріліп, өңделеді және одан жылына 10 мың тонна концентрат алынады. Өндірісте жалпы 350 жұмыс орны ашылады деп жоспарлаған.

Айта кетейік, жоба Совет ауылдық округінің Богутинск массивінде жүзеге асырылады. Бастапқыда құрылыс жұмыстарын 2020 жылдың ІІ тоқсанында бастау жоспарланған болатын. Алайда, пандемияға байланысты жұмыс кейінге шегерілді. Инвестор – "Жетісу Вольфрамы" шетелдік серіктесі Jiaxin International Resources Investment Limited (Қытай). Дайын өнімді ТМД және Еуропа елдеріне, сондай-ақ Қытайға экспорттау жоспарлануда.

Анықтама

Қазақстандағы вольфрам триоксидінің жиынтық қоры 2 млн тоннаға бағаланады. Еңбекшіқазақ ауданында орналасқан Богут кен орны – ең ірі кен орындарының бірі болып саналады.

Похожие материалы