Алматы. 25 шілде. 7kun.kz – «Жетісу энергиясы» компаниясы («Самұрық-Энерго» АҚ еншілес кәсіпорны) Қазақстанның энергия тапшылығы бар оңтүстік аймағында жаңартылатын энергия көзі объектісін салады.
«Самұрық-Энерго» АҚ мәліметінше, жел электр станциясы (ЖЭС) Алматы облысының Шелек ауылында орналасады және қуаттылығы 60 МВт 300 МВт-қа дейін кеңейеді.
«Қазіргі уақытта меншікті генераторлық қуаттың болмауына байланысты Алматы облысының электр энергиясына деген қажеттілігі меншікті энергия көздерімен 50% қамтамасыз етіледі», - деп хабарлады ұйымда.
Олардың мәліметтері бойынша, ЖЭС орналасқан аймақта энергия тапшылығы бар. Электр энергиясының негізгі көздері Алматы ЖЭО, Қапшағай және Алматы СЭС-і каскады, Есік ГЭС, Мойнақ СЭС, Қаратал СЭС болып табылады.
«Шелек дәлізінде жел электр станциясын салу есебінен парниктік газдар шығарындыларын төмендету жылына 206 мың тонна көміртегі қос тотығын құрайды, сондай-ақ жылына 89 мың тонна стандартты отынды алмастырады. Сонымен қатар, жел электр станциясы қоршаған ортаға ең аз әсер ететін электр қорларын толықтыруға мүмкіндік береді», - деді «Самұрық-Энерго» жобалық кеңсесінің басшысы Ернұр Жиенбаев.
Сонымен қатар, құрылыс кезінде 300 жұмыс орны, сондай-ақ станцияны іске қосқаннан кейін 14 тұрақты жұмыс орны ашылады. ЖЭС жылына 225,7 мың кВт / сағ электр энергиясын өндіреді деп күтілуде. Құрылысты аяқтаудың жоспарланған мерзімі – 2020 жыл.
Станция 24 Жел энергетикалық қондырғылардан, жиынтық қуаты 60 МВт, қосалқы станциялар мен электр беру желілерінен тұрады. Объектінің агрегаттарын басқаруды жел станциясын автоматты басқару жүйесі бар аппараттық-бағдарламалық кешен жүргізеді. Бұл модельдің артықшылығы суық континентальды климат, сейсмикалық белсенділік жағдайында 10 балл және желдің II класын қолдану болып табылады.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024