Алматы. 3 шілде. 7kun.kz — «ForteBank» АҚ Қаскелең қаласындағы бөлімшесінде Алматы облысының әкімі Амандық Баталов пен «ForteBank» АҚ Басқарма төрағасы Мағжан Әуезов өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі. Қарасай ауданына жасаған жұмыс сапары барысында облыс әкімі А. Баталов «ForteBank» АҚ Қаскелең қаласындағы бөлімшесінің жөндеуден өткен ғимаратын аралап көрді. – Бүгін облыс әкімдігі мен банк арасында ынтымақтастық туралы меморандум жасасып отырмыз. Бұл екі тараптың байланысының тың мүмкіндіктеріне жол ашып, жаңа жобаларды жүзеге асыруға септігін тигізеді деп сенемін, - деді облыс әкімі А. Баталов.
Аталмыш банктің облыстық филиалының директоры Гүлжанат Абдрахманованың айтуынша, «ForteBank» АҚ Алматы облысында бүгінгі күні 10 бөлімшесі жұмыс істейді. Оның төртеуі Талдықорған өңірінде болса, Алматы маңында алты бөлімше бар. «ForteBank» АҚ "Даму" кәсіпкерлікті қолдау қоры жүйесінің, «Бизнестің жол картасы – 2020» мемлекеттік бағдарламасының белсенді қатысушысы ретінде де кәсіпкерлікті ілгерілетуге атсалысып келеді.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024