Талдықорған. 5 маусым. 7kun.kz – Алматы облысының әкімі Қанат Бозымбаев Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы референдумда дауыс берді, деп хабарлайды 7kun.kz.
«Бүгін Алматы облысының әкімі Қанат Бозымбаев Талдықорған қаласындағы І.Жансүгіров атындағы мәдениет сарайында орналасқан №974 сайлау учаскесінде болып, референдумда дауыс берді», – деді Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Айта кетейік, Алматы облысында барлығы 1 392 237 сайлаушы бар. 1053 сайлау учаскесі таңғы 7-ден кешкі 20.00-ге дейін жұмыс істейді. 1074 референдум комиссиясы құрылды, оның 21-і облыстық, 1053-і учаскелік. Олардың 7636 мүшесі бар. Учаскелерде бақылаушылар да жұмыс істейді.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024