Іле аудандық полиция басқармасында жарылғыш құрылғыларды тасымалдау мен сақтаудың екі дерегі тіркелді, деп хабарлады Алматы облыстық ПБ баспасөз қызметі.
«Алғашқы жағдайда, Қарасай ауданында тұратын 22 және 23 жастағы екі жас ер азамат металл сынықтарын жинаумен айналысу кезінде, 125 мм калибрлі 4 артиллериялық танк снарядын тауып алған. Олардың біреуі жарғыш затымен бірге болған, ал екіншісінікі оған қауіп төндіретін жақын жерде орналасқан. Олар жарылғаш заттарды "Тойота камри" маркалы автокөлігінің артқы орындықтарында тасымалдаған және "Бүркіт – 402" экипажының полицейлері оларды дәл сол орыннан тапқан. Екінші жағдайда, полиция қызметкерлері жалпы саны 160 бірліктен асатын жарылғыш құрылғыларды Іле ауданындағы ауылдардың металл қабылдау пунктінің бірінің аумағынан тауып, тәркіледі. 49 және 35 жастағы екі металл қабылдаушы басшыларының рұқсатынсыз жарылыс қаупі бар заттарды қабылдауды жүзеге асырған. Тәркіленген заттардың қатарында авиациялық ракеталардың жарылмаған фрагменттері, миномет снарядтары, жарғыштар, кассеталық-жарықтандыру, артиллериялық снарядтар мен броньды авиациялық бомбалардың фрагменттері бар»,- деп хабарлайды Алматы облысы Іле аудандық полиция басқармасының бастығы полиция полковнигі Марат Куштыбаев.
Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 287-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Күдіктілер мекенжайын өзгертпеу туралы қолхатпен босатылды.
«Жақында Қапшағай қаласында металл қабылдау пунктінде дәл осындай заттардың жарылуы салдарынан қайғылы жағдай, яғни жас жігіт қаза тапты. Полицейлер көптеген адамның өмірін құтқарып қалды деуге болады. Жарылғыш заттардың кез келгенінің жарылу қаупі бар және ол тізбекті реакция тудырып, заңсыз сақталған арсеналдың жалпы жарылысына әкелуі мүмкін еді», -дейді полковник Куштыбаев.
Полиция қызметкерлері барлық азаматтарды кез- келген жарылғыш құрылғыларды байқаған кезде , оларды ұстамауға, бірден оқиға орнына полицияны шақыруға және өзі мен айналасындағыларға қауіп төндірмеуге шақырады.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024