Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Алматы полициясы қыздарды тұншықтырып, тонаған күдіктіні ұстады

Алматы полициясы қыздарды тұншықтырып, тонаған күдіктіні ұстады

Алматы. 7 қыркүйек. 7kun.kz – Алматылық полицейлер қыздарды тұншықтырып, тонаған күдіктіні ұстады, деп хабарлайды 7kun.kz.

Полицилейлердің хабарлауынша, еш жерде жұмыссыз жүрген 20 жастағы Жамбыл облысының тұрғыны қылмысын тек түнгі уақытта жасаған. Жолда жалғыз келе жатқан қыздарға жақындап, артынан тұншықтырып, содан кейін барлық бағалы заттарын алып кетіп отырған.

Қазір тонау бойынша үш дерек анықталды.

 «Бір эпизод бейнебақылау камераларына түсіп қалған. Қыздар төтеп бере алмайтын жағдайға жеткен кезде, ол барлық құнды заттарды: ұялы телефондарды, ақшаны алып, қараңғы көшелерде тығылып қалды. Сондай-ақ, қаскөй жәбірленушіден тартып алған ақшамен дүкенде төлем жасап жатқан дерек те тіркелді. Жас жігіт өз ісін мойындады. Қазір күдіктінің жеке басы қала аумағында осыған ұқсас, бұрын жасалған қылмыстарға қатысы бар-жоғына тексерілуде. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», – деді Алмалы аудандық Полиция басқармасының бастығы Есен Ысқақов.

Похожие материалы