Алматы. 8 маусым. 7kun.kz – Арызды Alageum Group құрылтайшысы әрі төрағасы Сайдулла Қожабаев жазған, деп хабарлайды 7kun.kz.
Полиция департаменті Шымкент қаласының экс-әкімі Ғабидолла Әбдірахымов пен Кәрім Мәсімовке қатысты аса ірі көлемдегі алаяқтық істі тергеп жатыр.
Арыз жазған Сайдулла Қожабаев Әбдірахымовты, Мәсімовті және тағы үш адамды алаяқтық жасады деп айыптайды. Айтуынша, ол соңғы аталғандардың өтініші бойынша 2-3 миллион долларды заңсыз аударған.
Ал Алматы полиция департаменті арыздың тіркелгенін растады.
«Алматы қаласының полиция департаменті Қ. азаматтың арызы ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабының 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Қылмыстық іс бойынша өндірісті Алматы қаласы Қылмыстық іздестіру департаментінің тергеу басқармасы жүргізіп жатыр. Кешенді жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде, оның қорытындысы бойынша түпкілікті процессуалдық шешім қабылданады», - деп хабарлады ПД.
Ал Ғабидолла Әбдірахымовтың өзі Orda.kz тілшісіне қылмыстық іске қатысы жоқ екенін айтты. Айтуынша, оған полициядан ешкім хабарласпаған.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024