Алматы. 29 қазан. 7kun.kz – Қазақстандықтар балаларға онкологиялық жедел жәрдем қызметін қолдау үшін ақша жинады.
Қаражатты қазақстандықтар 2018 жылдың 1 тамызы мен 5 қыркүйегі арасында өткен «Сен+Henkel+Magnum=Жақсылық» атты акциясы кезінде жинады. Қазақстан бойынша «Magnum Cash & Carry» дүкендер желісінде Henkel компаниясының кез келген тауарын сатып алғанда тауар құнынан 50 теңге «Сенімен біргемін!» атты балалар хосписіне арнап «Здоровая Азия» қорына аударылды.
«Сен+Henkel+Magnum=Жақсылық» атты акцияны төртінші жыл қатарынан өткізіп жатырмыз. Бұл бастама дәстүрлі игі шараға айналды. 2015 жылы жиналған қаражатқа екі балалар үйінің тәрбиеленушілеріне мектеп формасы алынды. 2017 жылы «Добровольное Общество Милосердие» Қоғамдық қорына қатерлі ісікке шалдыққан қыздың отасына деп 2 млн теңге берілді. Ота сәтті өткен естіп, қатты қуандық. Бәріміз жинаған қаражат бір өмірді сақтап қалды. Биыл акциядан жиналған қаражатты Алматы қаласындағы онкологиялық жедел жәрдем қызметіне бердік. Осы сома талай жас өмірді сақтап қалады деген үміттеміз», – деді Henkel Негізгі клиенттер бойынша ұлттық менеджері Глеб Абдуллин.
Онкологиялық жедел жәрдем – бұл Алматы қаласында қатерлі ісікке шалдыққан, үйінде нашар халде жатқан балаларға арналған жалғыз жедел жәрдем қызметі.
«Қазіргі таңда «Сенімен біргемін!» хосписі қарамағында 238 бала бар. Оның ішінде небәрі 12 бала ғана орталықтың өзінде. Қалған балаларға көшпелі қызмет көмек көрсетеді. Күнделікті онкологиялық жедел жәрдем медициналық көмек қана емес, сондай-ақ, материалдық, психологиялық және әлеуметтік қолдау көрсетеді. Біз Henkel компаниясы, Magnum Cash & Carry» дүкендер желісіне алғыс білдіреміз. Сіздердің көмектеріңіз арқасында хоспис жұмысы оңтайландырылды», – деді «Дені сау Азия» қоры директорының орынбасары Игорь Федоренко.
«Сенімен біргемін!» хосписі мамандары қатерлі ісіктен айығуға болады деген сенімде. 2017 жылы 72 бала ауруды жеңген пациенттер ретінде есептен алынды. Қазір балалар хосписі «Батылдық қорабы» жобасына қаражат пен ойыншықтар жинауда. Жоба ұйымдастырушылары «Батылдық қорабының» ойыншықтары көп балаға үміт сәулесін сыйлап, күңгірт күндерін қуанышқа толтырады деп үміттенеді. «Батылдық қорабы» балаларға ауыр процедуралар мен аппараттардан кейін батылдықтарына ынтыландыру сыйлығы болмақ. «Henkel» және «Magnum Cash & Carry» бұл жобаны қолдады.
Хенкель компаниясы келесі жылы акция тура осылайша белсенді өтеді деген сенімде.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024