Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Алматы қаласының 2016 жылғы бюджеті нақтыланды

Алматы қаласының 2016 жылғы бюджеті нақтыланды

Алматы. 27 қаңтар. 7kun.kz - Алматы қаласы маслихатының депутаттары қаланың 2016 жылға арналған бюжетін бір ауыздан нақтылады. Маслихаттың V шақырылымының 50 сессиясында қала бюджеті 370 млрд 215 млн теңге болып бекітілді, деп хабарлайды Қазинформ ақпарат агенттігі.

Қала бюджетін жоспарлау және экономиканы басқару жөніндегі жетекші Мақсат Қиқымовтың сөзінше, 5,3 млрд теңгеге жуық қаржыны халықтың әлеуметтік әлсіз тобын қолдауға жұмсау ұсынылған.

Сондай-ақ, 1 наурыздан бастап әлеуметтік нан бағасы 10 теңгеге қымбаттаған жағдайда қаржыландыру енгізіледі және студенттерге, оқушыларға, зейнеткерлерге, көп балалалы аналарға арналған жеңілдетілген жол жүру билеті беріледі.

«300 млн теңгеге жуық қаржы қаланың кептелістен арылуға болатын жол қозғалысының кешенді сызбасын өңдеуге бөлінеді деп жоспарлануда. Сызба транспорт ағынын тиімді басқаруға мүмкіндік береді», - деді М. Қиқымов.

Фото: vlast.kz

Похожие материалы