Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Алматы трамвайлары мен троллейбустарына тегін Wi-Fi орнатылды

Алматы трамвайлары мен троллейбустарына тегін Wi-Fi орнатылды

Алматының төрт троллейбусы мен барлық трамвайларына тегін ғаламтор қосылды. Осымен екінші күн қатарынан трамвайларда ғаламтор желісі сынақтық режимде жұмыс істеп тұр.

1263, 1212, 1202, 1243 атты борттық нөмірлері бар 12, 25, 9 және 6-троллейбустарда тегін ғаламтор жүйесі іске қосылған. Алматы қаласында 12 бағытта жүретін 212 троллейбус бар. "Егер сынақ нәтижесі жақсы болса, барлық тролейбустарға ғаламтор қосылатын болады. Алдағы уақытта автобустарға қосу жоспарда бар", - дейді "Алматыэлектротранс" ЖШС-ның баспасөз хатшысы Гаухар Нөкербекова.  т

Алматы қаласы Қазақстан бойынша қоғамдық көлікте ғаламтор жүйесін қосқан соңғы қалалардың қатарында. Ең алған бұл бастаманы қолға алған қала - Петропавл қаласы. Петропавл қаласы қоғамдық көліктерді ғаламтормен 2013 жылдан бері қамтамасыз етіп келеді. Ол кезде 20 автобусқа Wi-Fi қосылған болатын.

Похожие материалы