Алматы. 8 қараша. 7kun.kz — Алматы әкімі "Adaldyq Alany: қоғам мен мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылының жаңа форматы" атты республикалық форумға қатысты.
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев пен БҰҰ жаһандық коммуникация департаментінің өкілі Властимил Самек қатысқан шарада сыбайлас жемқорлық көріністерін қысқарту және мемлекеттік органдар жұмысының ашықтығын арттыру бойынша қызметті жетілдіру мәселелері талқыланды.
Қала әкімі Бақытжан Сағынтаев сөзінде сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алудың пәрменді шараларының бірі мемлекеттік қызмет көрсету кезінде адами факторды қысқарту екенін атап өтті.
"Алматы елдегі цифрлық сауаттылық деңгейі бойынша алда келеді, ол 82%-ға жетті. Сонымен қатар, Алматы – онлайн-қызметтерді дамыту бойынша БҰҰ рейтингісіне енген және онда 25-ші орын алған Орталық Азиядағы жалғыз қала. Smart City дамыту тұжырымдамасы аясында қауіпсіздікті қамтамасыз ету, ТКШ, көлік, білім беру және денсаулық сақтау салаларындағы жобалар іске асырылып жатыр", — деді Бақытжан Сағынтаев.
Оның мәліметінше, ағымдағы жылдың тоғыз айында мемлекеттік қызметтердің 95%-ы электрондық форматта көрсетілген, барлық мемлекеттік қызметтердің 80%-ы автоматтандырылған. Қала тұрғындарымен тұрақты кері байланыс Open Almaty порталының жұмысы арқасында қамтамасыз етіледі. Екі жыл ішінде 195 мыңнан астам өтініш өңделді, оның 71%-ы сол жерде шешілді. Бұл ретте келіп түскен сұрау салуларға талдау жүргізіледі, олардың негізінде жедел ден қою шаралары қолданылады.
Өз кезегінде, айына екі рет қала әкімі, сондай-ақ аудан әкімдері, басқарма басшылары апта сайын қала тұрғындарының жеке қабылдауларын өткізеді. Сондай-ақ, мегаполис басшысы жергілікті жердегі жағдаймен танысу және аудан тұрғындарымен ашық түрде кездесу үшін проблемалық учаскелерді жеке аралап шығады. Осылайша, "естуші мемлекеттің" тұжырымдамасы іске асырылып жатыр.
Форумға аудан әкімдері, мемлекеттік және жеке мекемелер басшылары, қоғамдық ұйымдар мен саяси партиялардың, кәсіподақтардың, этномәдени бірлестіктердің, халықаралық ұйымдардың өкілдері, Adaldyq Alany сыбайлас жемқорлыққа қарсы жобалардың аймақтық кеңселерінің басшылары қатысты.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024