Алматы. 12 тамыз. 7kun.kz - Нұрсұлтан Назарбаев Алматыдан Ыстықкөлге дейінгі төте жол құрылысының жобасын қолдайтындығын айтты. Бұл туралы Қырғыз Республикасының Президенті Алмазбек Атамбаев екі ел арасындағы кедендік бақылаудың алынуынан кейінгі шара барысында мәлімдеді.
«Ыстықкөл, оның тұрғындары үшін бүгін ерекше оқиға болды. Қазақстан Президенті қысқа жол құрылысы жобасын қолдады. Бүгінде Алматыдан Ыстықкөлге жол 480 шақырымды құрайды. Бір-екі жылда ұзындығы 240 шақырым жол салынатын болады. Бұл жолды екі есе қысқартады», - деді Қырғыз Республикасының Президенті Алмазбек Атамбаев.
Айте кетейік, қазіргі кезде Қырғызстан тарапы 240 шақырымдық Ыстықкөл-Алматы жолын салуда. Түп-Кеген жолы деп аталған жол құрылысының Қырғызстан аумағындағы жолдың ұзақтығы 76 шақырымды құрайды. Түп-Кеген жолы Қырғызстан жоспарлап отырған Тәжікстан-Қырғызстан-Қазақстан-Ресей халықаралық дәлізінің бір бөлігі болып табылады. Бір ұшы Тәжікстанның Ходжант қаласының шекарасынан басталатын жол Исфан, Баткен, Ош, Джалал-Абад қалалары мен Казарман, Кочкара,Балыкчи ауылдары арқылы Қазақстан аумағындағы Райымбек ауданының орталығы Кеген ауылына келіп тіреледі. Бұған дейін Қазақстан тарапынан аталған жол құырылысы үшін ресми келісім болмаған еді. Бүгін Атамбаев Н.Назарбаевтың жол құрылысын қолдайтынын, алдағы 2-3 жыл көлемінде құрылыстың аяқталатындығын айтты. Жолдың екі ел үшін пайдасы Ыстықкөлге баратын жол екі есеге қысқарады.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024