Алматы. 13 мамыр. 7kun.kz - 18 мамырда «Алматы жастары» бағдарламасына қатысуға өтінімдерді қабылдау басталады. Тұрғын үй бағдарламасына қатысуға үміткерлер almaty-zhastary.kz сайтында онлайн өтініш бере алады. Бұл туралы Отбасы банктен хабарлады.
Алматы әкімдігі мен Отбасы банкінің бірлескен жобасына 35 жасқа дейінгі/толған алматылықтар қатыса алады. Өтініштер Алматы қаласындағы мемлекеттік республикалық және қалалық ұйымдарда жұмыс істейтін азаматтардан қабылданады. Олардың қатарында дәрігерлер, мұғалімдер, мәдениет қызметкерлері, спортшылар, ғылым саласының өкілдері мен журналистер, құқық қорғау саласының қызметкерлері, әлеуметтік қызметкерлер бар.
Талап бойынша үміткерлердің ресми жұмыс өтілі Алматы қаласында соңғы жарты жылдан кем болмауы тиіс. Мәдениет саласының өзін-өзі жұмыспен қамтыған өкілдері үшін кемінде бір жылдық Алматы қаласында тіркелген, жұмыс істеп тұрған жеке кәсіпкерлігі болуы қажет.
Сондай-ақ, бағдарламаға қатысушы және оның отбасы мүшелері соңғы 5 жыл ішінде жылжымайтын мүлікке ие болмауы тиіс.
«Алматы жастары» бағдарламасы бес жыл бұрын басталған. Қазіргі дейін 2260 жастар баспаналы болған. Биыл бағдарламаны жүзеге асыруға қалалық бюджеттен 15 млрд, Отбасы банкінен 3 млрд теңге, жалпы көлемі 18 млрд теңге қарастырылған. Бұл қаражат 1000 алматылық тұрғынның баспана мәселесін шешуге мүмкіндік береді», –дейді «Отбасы банк» АҚ Басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова.
Несиені 25 жылға дейін алуға болады. Алғашқы жарна кемінде 10% тең болуы тиіс, несие бойынша пайыздық мөлшерлеме – жылдық 5% (ЖТСМ 5,2%). Несиенің ең жоғары сомасы 18 миллион теңге.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024