Алматыда 100 миллион теңгенің әшекей бұйымдарын ұрлаған азамат ұсталды - Видео
Алматы. 16 тамыз. 7kun.kz – Мегаполистің солтүстік бөлігіндегі «барахолка» деп аталып кеткен базардан зергерлік бұйымдарды ұрлаған күдікті ұсталды, деп хабарлайды 7kun.kz .
«ҚР ҚК-нің 188-бабы 4-бөлігі (Ұрлық) бойынша тергеліп жатқан қылмыстық іс материалдарына сәйкес, қаскөй базардың алтын сататын қатарына түнде кіріп кеткен. Ол сегіз сауда орнының сөрелерін сындырып, өзімен бірге 100 млн теңгенің әшекей бұйымдарын алып кеткен. Бұл қылмысты ашу мақсатында тергеу-жедел тобы құрылды. Базардағы бейнебақылау жүйелеріне талдау жасалды», – деді Жетісу аудандық Полиция басқармасының бастығы Дархан Мұсанов.
35 жастағы күдікті Қонаев қаласындағы қонақүйлердің бірінде ұсталды. Оның ұрланған алтындарды қала шетіндегі шөл далаға жасырғаны анықталып, заттай айғақтар тәркіленді.
ҚР ҚПК-нің 128-бабына сәйкес А. есімді азамат уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бұлтартпау шарасы ретінде сот қамауға алуды санкциялады.
Тэги:
Похожие материалы
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024