Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Алматыда тағы 8 ақылы көлік тұрағы ашылады

Алматыда тағы 8 ақылы көлік тұрағы ашылады

Алматы. 31 қазан. 7kun.kz - 2017 жылғы 1 қарашадан бастап Алматыда 8 ақылы көлік тұрағы ашылады.

Ақылы көлік тұрағы қаланың орталығында орналасады. «СпецТехПаркинг» ЖШС хабарлауынша қазірдің өзінде арнайы белгілер дайындалған.

Көлік тұрағының бағасы сағатына бұрынғыдай 100 теңге. Оны паркомат, SMS немесе арнайы "Парковки Алматы" мобилді бағдарлама арқылы төлеуге болады. Мобилді бағдарламамен жүргізуші минуттық төлемдер жасап, қаражатын үнемдей алады.

Ұйымның мәліметінше,  1 қазаннан ақылы  көлік тұрақтары мына мекен-жайларда орналасады: 1) Абылай хан көшесі, Қабанбай батырдан Шевченкоға дейін; 2) Жамбыл көшесі, Желтоқсаннан Байсейітоваға дейін; 3) Қазыбек би көшесі - Абылай ханнан Панфиловқа дейін; 4) Әйтеке би көшесі - Абылай ханнан Панфиловқа дейін; 5) Желтоқсан көшесі, Шевченкодан Бөгенбай батырға дейін; 6) Наурызбай батыр көшесі - Шевченкодан Бөгенбай батырға дейін; 7) Әйтеке би көшесі - Фурмановтан Төлебаевқа дейін; 8) Құрманғазы көшесі - Байтұрсыновтан Масанчиге дейін.

Похожие материалы