Алматы. 15 наурыз. 7kun.kz - Алматыда 2016 жылы құрылыс пен күрделі жөндеу жұмыстарына қатысты 164 жобаны іске асыру барысында 30 000 жаңа жұмыс орны құрылатын болады. Бұған 3 мыңнан астам жұмыссыз бен Жұмыспен қамту орталығына өтінім жасағандар тартылады.
Алматы әкімдігінің іс- қимылының басты бағыттарының бірі - тұрғындарды жұмыспен қамту. Жасалған кешенді жсопарға сәйкес 2016 жылы 23 413 адам жұмысқа орналасып, 13744 адам мемлекеттің қолдауынсыз жұмыспен қамтылады. Алматы қаласы мәслихатының кезектен тыс өткен LI сессиясының қаулысы бойынша 4,3 мың жұмыс орны ашылады.
Әкімдіктің бөлімшелері де мемлекеттік және салалық жобалар аясында жаңа жұмыс орындарын құратын болады.
Жұмыс орындарын сақтап қалу, өндіріс процесстерін тұрақтандыру, жұмысшылардың құқықтық нормаларын қамтамасыз ету аясында аудан әкімдіктері, кәсіпорындар басшылары, кәсіподақтар арасында меморандумдарға қол қойылды. Бүгінгі күні 351134 жұмыс орнын сақтау үшін 25 533 келісім жасалды.
Тұрғындарды жұмыспен қамту және қаланың даму Бағдарламаларын жүзеге асыру үшін 6 млрд. 800 млн. 798 мың теңге бөлінді.
Алматы әкімдігі қала кәсіпорындарының қарыздарын өтеуі бойынша жұмыстар жүргізуде.
2015 жылы 430 кәсіпорынның жалақы бойынша қарызы өтеліп, 4311 жұмысшыға 1,0 млрд. теңгеден астам ақша төленді.
Биылғы жылдың бірінші қаңтары бойынша 783 жұмысшының 121,7 млн. теңгеге жуық жалақысы төленбеген. Осы бағыт бойынша әкімдік жүргізген нақтылы шаралары арқасында 549 жұмысышының 85,2 млн.теңге жалақысы берілді. 395 жұмысшысы бар 5 кәсіпорынның төлемеген жалақысының жалпы құны 79,1 млн.теңгені құрайды.
Жалақы бойынша қарызды өтеу мен жұмыс орнын сақтап қалу мәселелері Алматы әкімдігінң үнемі басты назарында болады.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024