Алматы. 12 сәуір. 7kun.kz – Алматыда көлікті реформалау аясында жылжымалы құрамды жаңарту және қаланың бағыт жүйесін ұлғайту жалғасуда. Биылғы жылы тасымалдаушылар 460-тан астам жаңа автобустар алуды жоспарлап отыр.
Жаңа жылжымалы құрам Евро-5 - экологиялық стандартқа сай және кондиционерлермен, видеобақылау, камераларымен, пандустармен жабдықталған. Қалада жыл басынан бері №65, №60, №14 бағыттары бойынша 125 жаңа автобус жолаушы тасымалдауды бастады.
Айта кетейік, Алматыдағы автобус паркінің жаңаруына «Оңай» жүйесін енгізу әсер етті.
Жалпы, Алматыда көлік реформасы аясында екі жыл ішінде қаланың автобус паркінің 80%-дан астамы жаңарды, еліміздегі алғашқы BRT желісі жұмыс істей бастады, каршэринг қызметі енгізілді, метроның екі стансасының құрылысы жалғасуда және LRT қолға алынды.
Сондай-ақ,15 сәуірден бастап қалада 120-дан астам көшені орташа жөндеу басталады, қаланың 14 ықшам ауданындағы 456 көшеге жаңа жолдар салынады. Ең бастысы, жөндеу жұмыстары қоғамдық көліктің жүру кестесі мен бағыт қозғалысына кері әсерін тигізбейді. Кептелісті болдырмау үшін жолды толық жабу тек түнде жүргізіледі.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024