Алматыдағы паркингтерге иелік ететін «A-parking» ЖШС директоры Мұрат Базарбаев қамауға алынды. Бұл туралы yyedilov телеграм арнасы жазды.
"Кейбір ақпарат көздеріне сүйенсек, Қаржы мониторингі агенттігі кәсіпкер Қайрат Боранбаевқа тиесілі «A-parking» ЖШС-на қатысты қылмыстық істі тергеп жатыр.
ЖШС басшысы Мұрат Базарбаев қамауға алынды. Ол бюджет қаражатын күмәнді схемаларға жұмсап, жымқырды деген күдікке ілінді. Сондай-ақ, бұған Алматы қаласы әкімдігінің басшылары, оның ішінде бұрынғыларының да қатысы бар", деп жазды үнемі "кейбір ақпарат көздеріне" сүйенетін телеграм арна.h