Алматы қаласының жаңа әкімі Бауыржан Байбек алғашқы тапсырмалардың бірі ретінде мегаполисте ақылы жолдар енгізу мәселесін қарастырды деп хабарлайды "31 арна".
"Қала басшылығының саясаты Алматының кейбір аудандарын жеке автотранспорттардан тазартып, тұрғындарды қоғамдық көлікке ауыстыру",- дейді Алматы қаласы әкімінің орынбасары Юрий Ильин. Қала көшелерін ақылыға айналдыру туралы ұсыныс 2 жыл бұрын айтылған еді. Бірақ ол кезде Ахметжан Есімов командасы бұл жаңалықты негізсіз қауесет деп атады. Қоғам белсенділері Саин көшесі, Әл-Фараби даңғылы және Шығыс айналма жол ақылы болады деген қауіпте. "Егер бұл аумақтарға ақылы жол енгізсе, бізде не болады? Адамдар Шығыс айналма жолмен жүруден бас тартып, бүкіл тасқын қалаға келеді. Ал біз онсызда кептелістен босамаймыз. Қаладағы көлік тіпті көп",- деді Жол қозғалысы қауіпсіздігі ассоциациясының президенті Арсен Шакуов. Ал басшылық қала орталығына кіреті жолдарға да ақылы жүйені енгізбек. Бұл үшін есептеуіштер мен бейнекамералар орнатылады. Жүргізушілердің жеке есебінен ақша шешіп алуға мүмкіндік беретін арнайы құрылғы сатып алуларына тура келеді.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024