15 қазанда Алматыда алғашқы Қазақстан медиа-саммиті өтеді. Саммит барысында қазақстандық медиаиндустрияның даму преспективалары, индустриялық жағдайлар мен телевизия саласындағы мамандардың бірігуі, digital және Қазақстан медиасы талқыланады.
Мерекелік бағдарлама аясында жергілікті және шетелдік спикерлердің шеберлік сабақтары, панельді дискуссиялар өтеді. Сондай-ақ, Қазақстанда жүргізушілердің атынан жаһандық телевизия контентін өндірушілердің халықаралық телевизиялық форматының скринингі болады. Саммиттің басты тақырыбы - "Медиабизнестің үзіліс кезеңі рецессия ма әлде трансформация ма?". Медиа-саммит бағдарламасында отандық медиа нарығындағы телевизия мен интернеттің сапалы-перспективалы бағытына баса назар аударылады. Саммитке қатысушылардың арасында - Қазақстан, Ресей, Украина, Өзбекстан, Қырғызсан, Германия және Швейцариядан келген қонақтар және телевизиялық индустрия мен digital-нарық өкілдері, БАҚ, жетекшілер, маркетологтар, бренд-менеджерлер, жергілікті және халықаралық компаниялардың PR-мамандары, жарнама агенттігінің қызметкерлері болады. Барлық қатысушылар үшін потенциалды серіктестікке, кәсіби қарым-қатынас шеңберін кеңейтуге және тәжірибе алмасуға мүмкіндік туады. Іс-шара кезінде мына тақырыптар талқыланады: "Қазақстанның медиа-нарығының турбулент шарттары: сандар, дәйектер, болжамдар", "Сo-production және ТВ-ға демеушілік: отандық өнімнің жаңа реалилері", "Қазақстандық телевизия немесе өлшеусіз эфир кеңістігі: отандық телекөрермендерді қайдан табуға болады?", "Интернет-БАҚ-тың тиімділігін қалай арттыруға болады?", "Интернет-БАҚ-ты дамыту жолдары", "Телевизиялық контентті қаржыландырудың тәсілдері" т.б. «Медиаға арналған Қазақстан нарығындағы жарнаманың көлемі 2015 жылы 41 млрд теңгені құрады. Бұл біз ойлағаннанда аз көрсеткіш болып отыр. Экономикадағы дағдарыс жарнама берушілердің бюджетінің қысқаруына алып келеді. Өткізілетін іс-шара барысында индустрия жағдайын сараптап, барынша реттейтін, іскер топқа мүмкіндік беретін алаң құруымыз керек. Сондай-ақ, дағдарысқа қарсы тиімді ұжымдық анықтама тәсілдерімен алмастырулар болған дұрыс. Өкінішке орай, біздің елде мұндай институт жоқ. Біздің жоба келіп жеткен рецессия шарттары бойынша жаңа перспективаларды қалыптастыруға және нарықта шақыртуларды тиімді реттеуге көмектеседі деп сенемін», - деді Қазақстан медиа-саммиті ұйымдастыру комитетінің төрағасы Виктор Елисеев.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024