Алматы. 9 қаңтар. 7kun.kz – Алдағы екі тәулік бойы мегаполисте қалың қар жауып, ауа температурасы түнде 18, күндіз 15 градусқа дейін төмендеп, аяз болады деп күтілуде. Синоптиктердің болжамы бойынша одан кейінгі күндері 25 градусқа дейінгі қатты аяз болады. Бұл туралы қаланың Коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасында хабарлады.
Басқарма мәліметінше, қаланың коммуналдық қызметтері күшейтілген режимде жұмыс істеуде, өндірістік базаларда тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды.
«Көктайғақтың пайда болуына байланысты жүргізушілерге жылдамдықты азайтып, көлік арасындағы арқашықтықты ұлғайтуға кеңес береміз. Ал жаяу жүргіншілерді тротуарлармен жүргенде абай болуларын сұраймыз. Жұмысқа кешігудің алдын алу үшін үйіңізден ертерек әрі жылы киініп шығуға кеңес беріледі», – делінген хабарламада.
Похожие материалы
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024