Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Алматыда автобус өртеніп кетті

Алматыда автобус өртеніп кетті

Алматы. 6 қыркүйек. 7kun.kz – Таңғы сағат 08:30 шамасында Саин көшесінің бойында Шаляпин және Жандосов көшелерінің аралығында келе жатқан №38 автобус өртеніп кетті, деп хабарлайды 7kun.kz.

«Сағат 08:27-де Әуезов ауданы, Саин көшесі, Шаляпин көшесінің қиылысы мекенжайында бағдарлы автобустың өртеніп жатқаны туралы хабарлама түскен соң, өрт сөндірушілер жедел аттанды. Келген бойда 38 автобустың өртенгені анықталып, оны сөндіру үшін көбікті қоспа қолданылды. Сондый-ақ, автобус конструкциясын салқындату үшін қосымша көбік пайдаланылды», –  деп хабарлады қалалық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Өрт сөндірушілер жарты сағаттан аз уақыт ішінде өртті толық сөндірді.

Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Автобус «Алматыэлектротранс» ЖШС-не тиесілі.

Өрттің шығу себебі өрт-техникалық сараптмама барысында анықталады.

Похожие материалы