Алматының екі тұрғыны ломбард тонаған. Оның бірі - бизнесін осыдан бірнеше ай бұрын ғана сатып жіберген экс-қожайыны болып шықты. Бұл жөнінде қалалық ІІД баспасөз қызметі хабарлайды.
"Ломбард сағат бес жарымдарда тоналған. Медициналық маска киген белгісіз екеу еш кедергісіз ломбардқа еніп, оператор-кассирді тапаншаға ұқсас затпен қорқытып, сейф ішіндегі 204 мың теңгені және жалпы сомасы 3 миллион теңге болатын түрлі алтын бұйымдарды иемденген. Одан кейін тонаушылар қылмыс орнынан іздерін суытқан", – деп хабарлады Алматы ІІД қылмыстық полиция басқармасының басшысы Жанболат Зиадин.
Оның айтуынша, бірнеше сағат өткен соң тонаушылардың жеке бастары анықталып, келесі күні таңға жуық күдіктілер ұсталған.
Қазіргі таңда ұсталған екі азамат абақтыда. Екеуі де қылмыстарын мойындап, жеңіл жолмен ақша табуды көздегендерін растаған.
Тэги:
Похожие материалы
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024