Алматы. 19 сәуір. 7kun.kz – Алматыда мамыр айынан бастап 200 көпбалалы отбасы «Бақытты отбасы» қалалық бағдарламасы аясында пәтер ала бастайды. Бұл туралы Алматы қаласының әкімдігі хабарлады.
Әкімдіктің мәлімдеуінше, baqytty-otbasy.kz порталына барлығы 1,5 мыңға жуық өтінім келді, оның 600-ден астамы қарызды мақұлдау үшін банкке жіберілді. Ал құжаттарды банкке 246 адам өткізген.
Алдағы айларда алғашқы 200 отбасын баспанамен қамтамасыз ету жоспарланған. Бұл отбасылар - ең бірінші болып құжаттардың толық пакетін өткізген және төлеуге қабілеттілігін растағандар.
Белгілі болғандай, көпбалалы отбасыларға тұрғын үй нарығында пәтерлерді таңдау керек. Үміткерлердің көп бөлігінің таңдауы «Ақкент» және «Адиет» ТК болды. Ақкентте пәтерлер толық жөндеу жұмысымен 11,2 млн-нан 24,3 млн теңгеге дейін сатылады. Ал
«Адиет» ТК-де бастапқы әрлеуден өткен пәтерлерді 8 млн-нан 25 млн теңгеге дейін сатып алуға болады.
«Сонымен қатар, Алматы қаласының әлеуметтік әл-ауқат басқармасы қарыз сомасының 10% көлемінде бастапқы жарна енгізу үшін 1 млн теңгеге тұрғын үй сертификаттарын береді. Жылдық 2%-бен несие тек жаңа тұрғын үй сатып алуға беріледі. Бұл ретте тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде төлем қабілеттілігін бағалау жеңілдетілген тәртіппен жүргізіледі. Бағдарламаға қатысушы заем бойынша ай сайынғы төлемді және бір ересек адамға 5 АЕК (12 625 теңге) мөлшеріндегі тұруға арналған ең төменгі соманы төлеу үшін табысты растауы қажет. Төлем қабілеттілігін бағалау кезінде балаларға арналған шығындар есептелмейді», - делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, 2019 жылдың наурыз айында Алматыда Елбасының тапсырмасы бойынша қаланың аз қамтылған көпбалалы отбасыларын кешенді қолдау бойынша «Бақытты отбасы» арнайы бағдарламасы іске қосылды. Ол жеңілдетілген ипотеканы, оқушылар мен студенттерге арналған стипендияны, екінші баладан бастап көп балалы аз қамтылған отбасыларға арналған тегін балабақша, жұмысқа орналастыру, арнайы Ана орталығын ашу және т. б. қамтиды.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024