Алматы. 25 мамыр. 7kun.kz – Алматының кейбір аудандарында баспананың шаршы метрі мамырдың соңына қарай шамамен 100 мың теңгеге арзандады. Бұл туралы krisha.kz сайты хабарлайды.
Сайт ақпаратына сәйкес, Алмалы ауданында баспананың шаршы метрі 16 пайызға арзандаған. Қаңтар айында бұл көрсеткіш 456 мың теңге болса, мамыр соңында 384 мың теңгеге дейін түсті. Ал Медеу ауданында шаршы метрдің құны шамамен 100 мың теңгеге арзандаған. "Орташа есеппен, бес айда шаршы метрдің құны 100 мың теңгеге, яғни 15,4 пайызға арзандады. Қаңтарда бұл ауданда баспананың шаршы метрі 631 мың теңге болса, мамырда 533,5 мың теңге болды", - деді мамандар. Сонымен қатар, Бостандық ауданында да баспана шаршы метрінің бағасы 14 пайызға, яғни 67 мың теңгеге арзандаған. Қаңтардағы орташа шама 476 мың теңге болса, мамырда 409 мың деңгеге дейін түскен. Алатау, Түрксіб, Наурызбай және Жетісу аудандарында баспананың шаршы метрінің құны 12-13 пайызға (шаршы метрі 30-40 мың теңгеге) төмендеген. Ал Әуезов ауданында баспананың бағасы басқа аудандарға қарағанда айтарлықтай өзгере қойған жоқ. "Бұл ауданда баспананың шаршы метрі 28 мың теңгеге арзандап, 325 мың теңгені құрады", - деді мамандар.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024