
Алматы. 10 қазан. 7kun.kz – Алматыда полиция подполковнигін белгісіз біреулер ауыр соққыға жыққан. Бұл туралы Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Оқиға 9 қазанда сағат түнгі 00.30 шамасында «Панорама» мейрамханасы жанында болған.
Мейрамхананың жанынан өтіп бара жатқан полиция подполковнигі Ринат Өтегеновті белгісіз біреулер соққыға жыққан. Ол ауыр дене жарақатымен 12 қалалық ауруханаға жеткізілді.
Аталған факт бойынша ҚР ҚК 293-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде.
«Осы қылмысты жасады деген күдікпен бес ер адам ұсталды. Полиция қызметкеріне жасалған шабуыл оның кәсіби қызметімен байланысты емес», – деді полицияда.
Похожие материалы
В Казахстане запустят «криптокарты» для оплаты с криптокошельков
- 04 маусым, 2025
В Казахстане увеличат лимит для мониторинга мобильных переводов
- 02 маусым, 2025
Казахстан — единственная страна ЕАЭС с ростом безработицы
- 02 маусым, 2025