Алматы. 1 тамыз. 7kun.kz – Алматыда агроөнеркәсіптік кешенді (АӨК) дамытуға бөлінген 423 млн теңге бюджет қаражатын жымқырған мемлекеттік қызметкерлер сотталды, деп хабарлайды 7kun.kz.
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің мәліметінше, Алматы қаласы Медеу аудандық №2 сотының үкімімен Алматы қаласы Ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының бұрынғы басшысы А.Керімбек, оның қарамағындағылар К. Әбдіжаббарова, Д. Тазабек және «Молпродукт» ЖШС директоры Р. Сүлейменова бюджет қаражатын жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды.
«А.Керімбек, К. Әбдіжаббарова мен Д.Тазабекке мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 7 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Ал, Р. Сүлейменоваға коммерциялық ұйымдарда 5 жыл мерзімге басшылық лауазымдарды атқару құқығынан айыра отырып, 7 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды», – делінген агенттік хабарламасында.
Похожие материалы
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024