Алматы. 22 ақпан. 7kun.kz – 2019 жылы 25 ақпанда халықаралық білім беру корпорациясы базасында отандық жас дизайнерлердің, сәулетшілердің, студенттердің, жетекші өндірістік компаниялардың өкілдері мен шетелдік қонақтардың қатысуымен I Халықаралық "Design Thinking Fest 2019" фестивалі өтеді.
Халықаралық деңгейдегі фестивальде дизайнерлер мен студенттер өздерінің жұмыстарын келесі байқауларда ұсынады:
- "Image. Shape. Identity" - зергерлік бұйымдарды әзірлеу бойынша;
- "Sustainable design challenge" - жобалауда экологиялық материалдарды пайдалану бойынша.
Фестиваль барысында атақты отандық және шетелдік дизайнерлер мен сәулетшілерден тақырыптық шығармашылық көрмелер мен мастер-кластар, ҚазБСҚА студенттерінің практикалық семинары, сондай-ақ "Жаһандану дәуірінде білім беруді, ғылымды және өндірісті дамыту және ықпалдастыру" ғылыми-практикалық конференциясын өткізу жоспарланған.
ҚазБСҚА ұйымдастыратын І Халықаралық "Design Thinking Fest 2019" фестивалі "Рухани жаңғыру" және "Қазақстандағы жастар жылы – 2019" бағдарламаларын жүзеге асыруды қолдайды.