Алматы. 19 сәуір. 7kun.kz – Алматыда тұрғындарға қолжетімді қызмет көрсететін almaty-ksk.kz сайты іске қосылды.
Сайттың көмегімен ЭЦҚ болған жағдайда қала тұрғындары басқару органдарын таңдайды және өзгерте алады, есептерді қарап, шығындар сметасына дауыс береді, сондай-ақ онлайн-жиналыстар өткізеді.
«Портал ПИК қызметінің ашықтығын қамтамасыз етеді және біздің қаладағы тұрғын үй сервисін арттырады. Әрбір адам өз үйі мен кооперативі туралы толық ақпарат ала алады, басқару органдарының қызметі туралы есепті қарап, күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін онлайн-дауыс беруге қатыса алады, төрағаның орнына дауыс бере алады», - деді Алматы қаласы тұрғын үй саясаты департаментінің басшысы Бақытжан Ақжаров.
Сондай-ақ, сайтта тұрғын үй инспекциясына шағым жолдауға және учаскелік инспектордың байланыс нөмірін білуге болады.