Алматы. 2 қазан. 7kun.kz - Алматы қаласының тұрғындары мен жолаушылар өтініші бойынша, Алматы қаласы Көлік холдингі 2017 жылдың 2 қазанында екінші ОҢАЙ! қызмет көрсету орталығын ашты, деп хабарлайды холдинг баспасөз қызметі.
Бұдан былай ОҢАЙ! қолданушылары, картаның жоғалып, бұғатталып, не болмаса механикалық зақымдалуы салдарынан, картаны қайта шығару үшін, Абылай хан, 3А мекенжайына келіп, тиісті қызмет түрін алуларына болады. Екінші ОҢАЙ! қызмет көрсету орталығында 12 оператор, 2 кеңесші, 3 кассир және менеджер мамандары таңертеңгі сағат 10.00 мен кешкі 19.00 аралығында қызмет көрсетеді.
Жаңа қызмет көрсету орталығының ашылу рәсіміне Алматы қаласының Жолаушылар тасымалы мен автомобиль жолдары басқармасының жетекшісі Исахов Мақсұт Пернебайұлы қатысты.
Жеңілдігі бар ОҢАЙ! карталарын қайта шығару ісі 4 кезеңнен тұрады және 15-20 минут уақытты алады: электронды кезек талонын алу, жеңілдікке ие болу құқығын растау үшін, қызмет көрсету орталығының операторынан кеңес алу, картаны қайта шығару арызын рәсімдеу, қайта шығару ақысын касса арқылы төлеп, дайын болған картаны алу.
«ОҢАЙ! карталарының сараланған тарифі енгізілген уақыттан бастап, жаңа оқу жылы басталғандықтан, тамыз және қыркүйекте ОҢАЙ! қызмет көрсету орталығына келетін қолданушылар саны артты. Осы уақыт аралығында 13 788 адамға қызмет көрсеттілді. Арыздың 90 пайызынан көбі жоғалған карталарды қайта шығарумен байланысты. Сондықтан, біз Алматы тұрғындарының өтініштерін ескере отырып, екінші орталық ашу қажет деген ұйғарымға келдік. Екі орталық бірлесе отырып, күн сайын 900 адамға қызмет көрсете алады», - деп, атап өтті «Алматы қаласы Көлік холдингі» ЖШС директоры Садир Хамраев.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024