
Алматы. 31 шілде. 7kun.kz - Алматылықтар VI халықаралық эко-этнофестивалін өткізуге дайындалып жатыр. Мәдени шара 14-16 тамыз аралығында Алматы облысы Космос ауылында өтеді.
Фестивальдің биылғы ұраны «fourЭ 4ever». Орта Азиядағы ең ауқымды эко-этнофестивальге 10 000 адам келеді деп болжанып отыр.
«Фестиваль 4 бағытта өтеді. Этно-кеңістікте қатысушылар ұлттық музыкамен сусындаса, Эво-кеңістікте тән және рухани дамудың шеберлерінен шеберлік сабақтарын алуға болады. Эмо-кеңістікте балаларға арналған дамыту сабақтары, ойындар ұйымдастырылады.
Эко-кеңістіктен келушілер eco handmade gifts көрмесін тамашалап, қолөнер бұйымдарын сатып ала алады. Биыл оған ADD кеңістігі қосылады. Мұнда би, спорттық ойындар, сайыстар, cross fit тағы басқа шаралар ұйымдастырылады», - делінген қалалық мәдениет басқармасының баспасөз хабарламасында.
Похожие материалы
В Казахстане запустят «криптокарты» для оплаты с криптокошельков
- 04 маусым, 2025
В Казахстане увеличат лимит для мониторинга мобильных переводов
- 02 маусым, 2025
Казахстан — единственная страна ЕАЭС с ростом безработицы
- 02 маусым, 2025