Бүгін Grand Park Almaty сауда үйінде француздық Carrefour дүкендер желісі ашылды. Ол Еуропадағы ірі француздық дүкендер желісі.
Қазақстанда Carrefour-дың ондаған дүкенін ашу жоспарланған. Олардың алғашқысының ашылуында Францияның Бас консулы Патрик Ренар қатысты. Онда азық-түлік, тұрмыстық тауарлар, техника, спорт тауарларымен қатар 30 мыңға жуық өнім түрлері ұсынылды. "Өзге ірі супермаркеттерде 15-тен 19 мыңға жуық өнімдер болса, бұл жерде 30 мың өнім бар. Оның жартысы қазақстандық тауарлар. Сондай-ақ, бұл біздің азық-түлік өнеркәсібімен айналысатын компаниялар үшін Carrefour арқылы шетел нарығына шығуға мүмкіндік тудырады",- деді Алматы әкімнің орынбасары Ерлан Әукенов. Фото:kapital.kzПохожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024