Алматы. 18 қаңтар. 7kun.kz – Алматыда газбен жүретін 200 жаңа автобус сатып алынады. Мұндай хабарландыру мемлекеттік сатып алу порталында жарияланды.
Техникалық сипатына орай, автобустардың сыйымдылығы үлкен, едендері төмен, кондиционерлермен, видео бақылау камераларымен, мүмкіндігі шектеулі жандар үшін пандустармен жабдықталуы және Евро-5 экологиялық стандартына сай болуы тиіс.
Жалпы, қалада көлікті реформалау аясында 2018 жылы түрлі бағыттар бойынша 479 жаңа автобус жүре бастады. BRT желісіндегі аялдамаларда алғашқы электронды таблолар пайда болды, оларда қоғамдық көліктің нөмірі, бағыты және аялдамаға қашан келетіні туралы актуал ақпараттар көрініс тапты.
Қазіргі кезде Желтоқсан - Төле би - ШАЖ - Құлжа трактін қамтитын ұзындығы 13,2 км болатын желінің екінші кезегінің жобалық-сметалық құжаттары жасалуда.
Қоғамдық көлікте қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында жүргізушілер біліктілік Орталығында білімдерін жетілдіруде. Сонымен қатар, автопарктер жүргізушілерді бірыңғай формамен қамтып жатыр.
Тэги:
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024