Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Алматыда «Go Viral» фестивалі өтеді

Алматыда «Go Viral» фестивалі өтеді

АЛМАТЫ. 19 мамыр. 7kun.kz  – Маусымның  16-18 күндері Алматыдағы АҚШ Бас консулдығының ұйымдастыруымен медиа, бизнес, мәдениет салаларындағы жас бастамашылардың қатысуымен «Go Viral» фестивалі өтеді.

Музыкалық өнер, кино көрсету, мастер класстар мен презентациялардан тұратын қарқынды үш күн аралығында Орталық Азия өңірінің мыңдаған фестаивальға қатысушылар ақпараттандыру, қызықтыру немесе жарнамалау үшін қалай «вирустық» ететінін үйренеді.

Фестиваль миссиясы – шығармашылық аудиторияға, оның ішінде журналистерге, кәсіпкерлерге, кинематографистерге, музыканттарға және энтузиастарға әлеуметтік желілер, жаңа платформалар мен технологиялар арқылы өз контентін жылжыту мүмкіндігін беру. «Go Viral» фестивалі АҚШ, Орталық Азия және Шығыс Еуропаның жетекші трендсеттерлерінен мастер-класстар, талқылаулар, әрі музыка және киномен қамтиды. Аталған қонақтар жаһандық аудиториямен қалай сәтті қарым-қатынас орнату туралы айтады.

Фестиваль келесі сұрақтарға жауап береді: Идеялар мен өнімдердің тез тарап, "жұққыш" болуына не әсер етеді? Кейбір идеялардың "жарылғыш" болатынына, басқалар болса “өшіп” кететіне не әсер етеді? Контентті қалай монетизаяциялауға болады? Қалай жаңалықтар тек ақпараттық ғана емес, ойын-сауықтық та бола алады? Түпнұсқа контентті жалғаннан қалай ажыратуға болады? Сіздің контентіңізді бүкіл дүниеге қалай жеткізуге және естіртуге болады?

Фестиваль форматтары: түйінді сөз сөйлеу, мастар-класстар, питчингке дайындық және оны ұсыну, музыка мен фильмдер, бейнеконференция, нэтворкинг және тәлімгерлік, панельдік дискуссиялар және дөңгелек үстелдер, сұхбаттық аймақ, TechLab. Қатысу тегін, бірақ жете таңдалған 1000 қатысушыларға шектелген.

АҚШ пен Қазақстан спикерлері мен өнер көрсетушілер үш салада ұсынылатын болады:

Медиа: Тоби Бочан, Storyful компаниясында Видео бөлімінің бастығы (бұл компания вирустық видео контетті айқындап, лицензиядан өткізеді); Верша Шарма, «Now This» медиа компаниясының басқарушы директоры және аға корреспонденті; Гульнара Бажкенова, «Esquire» журналының журналисті және бас редактор; Вячеслав Абрамов, «Vlast.kz» онлайн-журналының негізін қалаушы; Asyl_Aje инста-жұлдыз (Лена-апа); қазақстандық вайнерлер Нурлан Батыров, Yuframe, Jokeasses; иллюстратор, Ерден Зікібай және «жеке брендинг пен PR» сарапшысы Виктор Елисеев.

Бизнес: Брэндон Эндрю, «Shark Tank» бағдарламасының кәсіпкер сарапшысы; Кристофер Грей, «Scholly» стипендия іздеу платформасының негізін қалаушысы; Арман Сүлейменов, «ZeroToOneLabs» және  «nFactorial Incubator» атқарушы директоры; Алексей Ли, Ticketon және Aviata.kz компанияларының негізін қалаушысы; Диана Цой, «OldSqu» мультимедиа орталығының өкілі.

Мәдениет: YouTube музыка жұлдызы Fresh Big Mouf; iLuminate би тобы; Гриффин Хэммонд, деректі кино режиссері ; Шарлотта Купер, Show of Force студиясының әлеуметтік желілер директоры; Екатерина Суворова және Қанат Бейсекеев деректі кино режиссерлері; Ғалымжан Мөлданазар және Zzara әншілері, «The Godfathers» DJ жобасы және басқалар.

Фестивальға қатысу үшін жасы 18-ден асқан қатысушылар фестивальдің ресми веб сайтында www.goviral.kz 30 мамырға дейін тіркеле алады. «Go Viral» туралы барлық жаңалықтарды веб сайттан және әлеуметтік парақшаларынан біле аласыздар: #GoViralkz хэштегі арқылы Фейсбук - @GoViralkz, Инстаграм - GoViral.kz, Твиттер - @GoViralkz, YouTube - GoViral KZ.

Похожие материалы