Алматы. 16 қаңтар. 7kun.kz – Алматыда 16 ақпанда мыңдаған адам қатысатын халықаралық криптоконференция өтеді. Rixos Almaty қонақ үйінің залында өтетін дөңгелек үстел барысында қатысушылар Қазақстанда криптовалюта мен ICO-ның даму перспективаларын талқылайды.
Криптовалютаның әлемдік капитализациясы 2017 жылдың соңында 673 млрд долларды құрады. Сарапшылардың пікірінше, крипто нарықтағы жағымды үрдіс өзгереді. Олардың бірқатары капитализацияның өсуін 5 трлн долларға жеткізді.
Қазақстан мен Ресейде криптовалютаның құқықтық мәртебесі әлі анықталмаған. Алайда инвесторлар мен криптоэнтузиастердің блокчейн технологиялар мен цифрлық ақшаларға қызығушылығы артып келеді. Алғашқы ІСО Қазақстанда 2017 жылы өткізіліп, 311 мың долларды жинады.Блокчейн және криптовалюта ассоциациясы құрылып, тіпті қазақстандық «ұлттық» криптовалютаны жасауға әрекеттер жасалынды.
Ақпандағы Криптоконференцияда 20-дан астам криптоиндурстрия, майнинг және ІСО саласындағы данқты спикерлер болады. Олар блокчейн технологиялар мен Қазақстандағы криптовалютаның болашағын жайлы әңгіме қозғайды. Ал компаниялардың топ-менеджерлері инвестиция тартудың тәсілдерімен бөлісітен болады. Конференцияға қатысатындар: Зарина Кажмаганбетова (KPMG Kazakhstan), Александр Бородич (CEO Universa, ICO 28,5 млн доллар), Михаил Сергеев (Kickico, ICO 20,9 млн доллар), Алексей Беляков (MagGold), Михаил Чобанян (Kuna Bitcoin Agency мен Bitcoin Foundation Ukraine негізін қалаушы), Игорь Матюхин (CEO Esonics), Малик Мурзашев (ICO-жоба Ice Rock Mining негізін қалаушы) және т.б.
Конференцияны Мәскеуде «Сколкова» криптоконференциясын өткізген, CryptoEvent компаниясы ұйымдастырады. «Сколкова» іс-шарасы 2017 жылдың қараша айында өтіп, технопаркке 2 мыңға жуық адам жиналған еді. Олар Алматыдағы конференциядан басқа, 2018 жылдың ақпан айында Минскіде анологтік шара өткізбек.
Қания Табыс
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024