4 сәуір күні Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт Сарайында халықаралық ММА турнирі өтеді. Шара Қазақ хандығының 550-жылдығына арналып отыр.
“KUNLUN FIGHT 2 CAGE SERIES” атты турнирді аралас ұрыс жекпе-жегінің халықаралық KUNLUN FIGHT ұйымы ALEM PROMOTION-мен бірге өткізеді. Ұрыстарға Бразилия, Еуропа, АҚШ, Корея және Қытайдан келген спортшылар қатысады. Ардақ Назаров негізін қалаған ALEM FIGHTERS спорт клубының кәсіпқой спортшылары Қазақстанның намысын қорғайды.
Турнирде барлығы 9 ұрыс болады. Негізгі кездесулер KUNLUN FIGHT нұсқасы бойынша әлем чемпионы титулы үшін 57 келі салмақтағы кореялық Jeong Wonseok-пен Қазыбек Әшімов және 70 келі салмақтағы бразилиялық Bruno Robinho-мен Бейбіт Назаров арасында өтеді.
Шараға Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов, спорт және мәдениет министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, қазақ театры мен киносының саңлағы Асанәлі Әшімов, қазақ спортының аңызы, Олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпіров, Ермахан Ибраимов, Жігіттер тобы, МузАРТ ансамблі және Нұрлан Албан келеді.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024