Алматыда өңірлік журналистер арасында қаржылық сауаттылыққа қатысты конкурс аяқталды
Алматы. 22 ақпан. 7kun.kz - Алматыда өңірлік БАҚ журналистеріне арналған "ҚР азаматтарының қаржы сауаттылығын көтеру: Клиент-Банкпен қарым-қатынас кезінде кредиттеудегі жауапкершілік мәселелерін түсіндіру" атты конкурс аяқталды.
Бұл жоба несие, қаржы саласында жазылған сараптамалық, ақпараттық, білім беру материалдары арқылы Қазақстан халқының қаржылық сауаттылығын арттыруға бағытталған.
Конкурсқа қатысуға БАҚ-та, сондай-ақ, әлеуметтік желілілерде несие, қаржы тақырыбында материал жариялаған барлық өңірлік журналистер шақырылды.
Нәтижесінде Алматы облыстық "Алатау" газетінің журналисі Ердәулетова Гүлназ, "Неделя" ақпарат-жарнамалық апталық газетінің журналисі Любушак Алена (Петропавл), «Подробности» газетінің журналисі Юлия Пулина (Петропавл) жеңімпаз атанды. Оларға 150 мың теңгенің сертификаты тапсырылды. Қалған үш журналистке диплом тапсырылды.
«Өкінішке орай, жоба бойынша өңірлік журналистер мен редакциялардың белсенділігі төмен болды. Конкурсты 2017 жылдың 20 қаңтарына дейін созуға тура келді. Бірақ бұл туралы барлық өңірлік БАҚ хабардар болғанмен, жиналған жұмыстар аз болды, оң нәтиже бере қойған жоқ. Нәтижесінде конкурс талаптарына сай келген тек 6 финалист таңдалды», - деді «KazMediaIndustry» қоғамдық қорының президенті Балжан Бейсембекова.
Конкурстың негізгі ұйымдастырушылары - «Банк Хоум Кредит» АҚ мен "Бірінші кредиттік бюро" ЖШС. Ал «KazMediaIndustry» қоғамдық қоры негізгі оператор болды.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024