Алматы. 12 шілде. 7kun.kz - Алматыда көпқабатты пәтерде газ қоспасы жарылып, екі адамды күйік шалды. Бұл туралы Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Департаменттің мәліметінше, жарылыс таңғы 8:00-де Бостандық ауданындағы Орбита-4 шағын ауданы №11 бес қабатты үйде болған. Төртінші қабаттағы пәтерде газ ауа қоспасы жарылып, 80 жастағы әйелді күйік шалды. Қазір әйел ауыр жағдайда Орталық клиникалық ауруханаға жеткізілді. Оның денесінің 80 пайызын күйік шалған. Сондай-ақ, төтенше жағдайдан 45 жастағы ер адам жапа шекті. Ол №4 ауруханаға жеткізілді.
Жарылыс салдарынан пәтердің есіктері мен терезелері сынып, жиһаздар бүлінді.
Похожие материалы
Финансы
Банки Казахстана в шаге от того, чтобы заработать больше, чем в 2024 году
- 19 желтоқсан, 2025
Финансы
Более 10 млрд тенге инвестировал Halyk Bank в новое здание офиса в Атырау
- 18 желтоқсан, 2025





