Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Алматыда кінәліні жауапкершілікке тартпаған полиция қызметкері ұсталды

Алматыда кінәліні жауапкершілікке тартпаған полиция қызметкері ұсталды

Алматы. 11 қазан. 7kun.kz – Әлеуметтік желілерде Алматыда полиция қызметкерлерінің ұсталғаны туралы ақпарат жарияланды. Алматы полиция департаменті осы ақпаратқа қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды 7kun.kz.

 «Алматы қаласы ПД Өзіндік қауіпсіздік басқармасы ІІО қатарындағы сыбайлас жемқорлық көріністерін алдын алу мен жазаның бұлтартпастығы қағидаттарын іске асыра отырып, бүгін жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша кінәліні әкімшілік жауапкершілікке тартпағаны үшін Алмалы ауданы ПБ ӘПБ қызметкерін, 1986 жылы туған Б. есімді азаматты ұстады.», - деп хабарлады полицияда.

Осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Похожие материалы